Антигони Бакстон (; 9 наурыз 1996, Лондон, Англия), Antigoni есімімен танымал — грек-кипр текті ағылшын әншісі және ән авторы. Кипр атынан Eurovision ән байқауы 2026 Вена қаласында қатысып, қорытындысында 19-орын алды.
Өмірбаяны Антигони Бакстон Лондон қаласында дүниеге келіп, сол жерде өскен. Анасы — грек-кипр текті тележүргізуші әрі аспаз Тоня Бакстон. Антигони ән жазуды жасөспірім кезінде бастаған. Кейін BRIT School мектебінде білім алған. Бұл оқу орны Адель және Уайнхаус сияқты танымал орындаушыларды тәрбиелегенімен белгілі.
19 жасында Антигони Бакстон өз әндерін SoundCloud платформасына жүктей бастады, 2019 жылдан бастап шығармашылығын YouTube арқылы таныта бастады. Сосын Island Records компаниясымен келісімшартқа отырып, поп-музыка мен R&B жанрын Жерорта теңізі әуендері және грек аспаптық элементтерімен үйлестірген өзіндік музыкалық стилін қалыптастырды.
Антигони Бакстон 2022 жылы британдық Love Island бағдарламасының сегізінші маусымына қатысқаннан кейін кең аудиторияға танымал болды. 2025 жылдың қыркүйегінде Марина Саттинің Еуропалық туры барысында концерт алдында өнер көрсеткен. Марина Сатти бұған дейін Грекия атынан Eurovision ән байқауы 2025 қатысқан болатын.
2025 жылғы 6 қарашада CyBC Антигони Бакстонның Кипр атынан Eurovision ән байқауы 2026 Вена қаласына қатысты.
Дискографиясы Шағын альбом Атауы Мәлімет A1 Шыққан күні: 2020 жыл 19 сәуір Лейбл: Тәуелсіз шығарылым Формат: Музыканы жүктеу, ағынды мультимедиа Hexagon Шыққан күні: 2023 жыл 15 қыркүйек Лейбл: Тәуелсіз шығарылым Формат: Музыканы жүктеу, ағынды мультимедиа
Синглдер Жеке әртіс ретінде Атауы Жыл Тізімде ең жоғары орны Альбом UKDigital UKSales «Mia zoi» 2018 — — Альбомдық емес сингл «2 Steps» 2019 — — A1 «Boosting» — — «Is It Any Wonder?» 2020 — — «Way Too Much» — — Альбомдық емес сингл «Friends» — — «Never Gonna Love» 72 75 «This Ain't Love» 2021 — — «Red Flag» 2022 — — Hexagon «Hit List» — — «You Can Have Him» — — «Long Way Home» — — «Messy» 2023 — — Альбомдық емес сингл «Nervous» — — Hexagon «Over» — — «Meine» — — Альбомдық емес сингл «R U Down?» — — «Lie Lie» 2024 — — «Habibi» 2025 — — «Sleeping Alone» — — «Man Behind the Wall» — — «Agapi» — — «Jalla» 2026 23 — "—" берілген аймақта ресми түрде шықпаған, не болмаса музыкалық чарттарға кірмеген релиздер.
Қонақ орындаушы ретінде Атауы Жыл Альбом «Appetiser» 2021 Альбомдық емес сингл «El helwa zahra» 2025
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Лондонда туғандар Санат:Ұлыбритания әншілері Санат:XXI ғасыр әншілері Санат:Eurovision ән байқауындағы Кипр өкілдері Санат:Eurovision ән байқауы 2026 қатысушылары