Новопавловка — Қостанай облысы Қарасу ауданындағы ауыл, Новопавлов ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Қарасу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 62 км жерде, Құсмұрын көлінің оңтүстік аңғарында, құрғақ дала белдемінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 1691 адам (837 ер адам және 854 әйел адам) болса, 2009 жылы 1165 адамды (572 ер адам және 593 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты қаланған. 1954-96 жылдары астық өсіретін “Ключевой” кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Новопавловкада 1997 жылы ЖШС құрылды.
Дереккөздер
Санат:Қарасу ауданы елді мекендері