Атакент (1998 жылға дейін – Ильич)Жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң атауын өзгерту туралы — Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы кент, темір жол бекеті, Атакент кенттік әкімдігі мен Мақтаарал ауылдық округінің орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Мырзакент кентінен солтүстік-батысқа қарай 18 км-дей жерде.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1362016402 19240 117,3 7937 9531 120,1 8465 9709 114,7
Тарихы Іргесі 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал совхоз-техникумы ұйымдастырылуына байланысты құрылып, 1932 жылы Ильич кентіне айналды. 1940-57 жылдары аудан орталығы болды. 1969 жылы кентте одақтық маңызы бар «Мақтаарал» тәжірибе стансасы құрылды. 1998 жылдан Атакент аталады. «Мақтаарал» мақта шаруашылығы негізінде 2 акционерлік қоғам, 3 өнеркәсіп, бірнеше шаруа қожалықтары құрылып, «ЮТЕКС» жаңа мақта тазарту зауыты, шитті мақта қалдығынан (улюк) медициналық мақсаттарға пайдаланатын мақта (вата) шығаратын фабрика іске қосылды.
Инфрақұрылымы Жалпы білім беретін 4 мектеп (№5 Мақтаарал мектеп-гимназия, №6 Қ. Сәтпаев атындағы ЖОМ, №7 В. Комаров атындағы ЖОМ, №8 О. Бапышев атындағы ЖОМ), 14-ші кәсіптік-техникалық мектеп, аурухана, «Халықтар достығы» сарайы, 2 мейманхана, спортзал, Алпамыс батыр атындағы футбол стадионы және т.б. мекемелер жұмыс істейді. Кент арқылы Ташкент – Жизақ, Шымкент – Жетісай автомобиль жолы өтеді.
Дереккөздер
Санат:Мақтаарал ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері Санат:Қазақстан кенттері