Арқалық Әмәлиятұлы (1998 жылы 10 наурызда ҚХР, Санжы қаласы, Ашылы ауылында дүниеге келген) — ақын, ұстаз.
Өмірбаяны Арқалық Әмәлиятұлы 1998 жылы 10 наурызда Қытай Халық Республикасы, Санжы қаласы, Ашылы ауылында дүниеге келген. 2016 жылы Қазақ еліне қоныс аударған. Түркістан облысы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі.
Еңбек жолы 2021 жылдан бері Түркістан қаласы №28 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарады.
Шығармашылығы «Ұмытшақ көктем» жыр жинағының авторы. Өлеңдері «Құдай жайлы ойланатын қала» антологиясына енген.
Таңдаулы өлеңдері «Ауыл» «Мұрагер» «Алматы·Жауын» «Шер қайтару»
Марапаттары мен жетістіктері «Ұмытшақ көктем» жыр жинағының авторы. Республикалық «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби онлайн-конкурсының поэзия аталымы бойынша гран-при иегері. Республикалық «Алтын тобылғы» әдеби сыйлығының жеңімпазы. Облыстық Әмірхан Балқыбек атындағы төсбелгі иегері. Республикалық «Ұстаз – ұлт айнасы» төсбелгісінің иегері. Республикалық «Авторлық бағдарлама – 2024» байқауының жеңімпазы. Басқа да қалалық, облыстық, пәндік байқаулардың жеңімпазы.
Отбасы 2023 жылы үйленген. 1 баланың әкесі, Түркістан қаласында тұрады.
Сыртқы сілтемелер «Әдебиет порталы» сайтындағы парақшасы Qalamger.kz сайтындағы өлеңдері Құлын жүрек «Отаным» деп сөйлейді. Ernur.kz Ұстаз-ақын Арқалық Әмәлиятұлы. Oinet.kz Өзімді Оңтүстіктің киелі топырағына қарыздар сезінемін. Jasqazaq.kz Zharar.com сайтындағы шығармалары
Санат:Қазақ ақындары