Тамды — Ақтөбе облысының Мұғалжар және Хромтау аудандары аумағымен ағатын өзен.
Географиялық орны Жайық өзені алабына жатады. Ұзындығы – 55 км, су жиналатын алабы – 610 км².
Бастауы Мұғалжар тауынан бастау алып, Ор өзеніне құяды. Аңғарының ені 2,5 км-ге дейін жетеді, арнасы жарлы келеді. Негізінен жауын-шашын және жер асты суларымен толығады.
Гидрологиясы Су ағыны көктемде қар, еріген кезде күшейеді, ал жаз мезгілінде суы азайып, жеке иірімдерге бөлінеді. Тамды өзенінің суы шаруашылық мақсаттарында пайдаланылады.Ақтөбе облысы. Мұғалжар ауданы: энциклопедия. – Алматы: «Полиграфкомбинат» ЖШС, 2011. ISBN 978-601-061340-9
Дереккөздер
Санат:Мұғалжар ауданы өзендері Санат:Жайық өзені алабы