«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерейтойлық медалі () — Ресей Федерациясының 2009 жылғы 4 наурыздағы № 238 Президент Жарлығымен мемлекеттік марапаты ретінде тағайындалған Ресей Федерациясының мерейтойлық медалі.
2010 жылдың 7 қыркүйегінен бастап медал Ресей Федерациясының мемлекеттік марапаты болып саналмайдыУказ Президента Российской Федерации от 7 сентября 2010 г. N 1099 «О мерах по совершенствованию государственной наградной системы Российской Федерации» , п.3.
Медал жайлы ереже «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» медалімен мыналар марапатталады: Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ұрыс қимылдарына КСРО Қарулы Күштері қатарында қатысқан әскери қызметкерлер мен жалдамалы құрамның адамдары, Ұлы Отан соғысы кезінде КСРО-ның уақытша басып алынған аумақтарында әрекет еткен партизандар мен астыртын ұйымдардың мүшелері, Ұлы Отан соғысы кезінде КСРО Қарулы Күштерінде қызмет атқарған әскери қызметкерлер мен жалдамалы құрамның адамдары, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медалдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ «1941—1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медаліне арналған куәлігі немесе соғысқа қатысушы куәлігі бар адамдар; Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегі үшін КСРО ордендерімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Одессаны қорғағаны үшін», «Ақиарды қорғағаны үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «Киевті қорғағаны үшін», «Кавказды қорғағаны үшін», «Кеңестік Полюс шеңберін қорғағаны үшін» медалдерімен марапатталған тыл еңбеккерлері, сондай-ақ «Блокадалық Ленинград тұрғыны» белгісі немесе «1941—1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медаліне арналған куәлігі бар адамдар. 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде КСРО-ның уақытша басып алынған аумақтарындағы жұмыс кезеңін қоспағанда, кемінде алты ай жұмыс істеген адамдар; Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары; Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кірмейтін шет мемлекеттердің азаматтары, КСРО Қарулы Күштері қатарындағы ұлттық әскери құрамалардың, партизан жасақтарының, астыртын топтардың, басқа да антифашистік құрамалардың құрамында соғысқан, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске елеулі үлес қосқан және КСРО немесе Ресей Федерациясының мемлекеттік марапаттарымен марапатталған адамдар.
Мерейтойлық медаль кеуденің сол жағына тағылып, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» медалінен кейін орналасады.
Сипаттамасы «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерейтойлық медалі — томпактан жасалған, диаметрі 32 мм шеңбер пішінді.
Медалдің алдыңғы жағында — I дәрежелі Даңқ орденінің бейнесі суреттелген, жұлдыздың төменгі сәулелерінің арасында «1945—2010» сандары бейнеленген.
Медалдің артқы жағында ортасында: «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» () деген жазу жазылған.
Медалдің шеттері ернеумен жиектелген. Медалдегі барлық бейнелер, жазулар мен сандар бедерлі етіп жасалған.
Медал құлақша мен шығыршық арқылы қызыл түсті жібек қатқыл таспасымен тысталған бесбұрышты тағанға жалғанады. Таспаның ені — 24 мм. Таспаның ортасында ені 2 мм-ден бес жолақ орналасқан: үш қара және екі қызғылт сары жолақ. Шеткі қара жолақтар ені 1 мм қызғылт сары жолақтармен жиектелген.
Тағы қараңыз 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл медалі (Қазақстан)Қазақстан Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 951 Жарлығы.
Дереккөздер
Санат:Ресей медальдары