Айсен Сергеевич Николаев (; 22 қаңтар 1972, Ленинград) — ресейлік физик, экономист пен саясаткер, 2018 жылғы қыркүйектен бергі Саха Республикасы басшысы.
Николаев 2019 жылғы қарашадан билеуші «Біртұтас Ресей» саяси партиясының Саха Республикасындағы бөлімшесінің хатшысы болып келеді. 2012 жылдан 2018 жылға дейін ол Якутск басшысы болды.
Ерте жылдары Николаев 1972 жылы Ленинградтағы мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Оның екі бауыры мен бір қарындасы бар.
16 жасында Николаев Верхневилюйск физика және математика мектебін алтын медаль алып бітірді. Ол Мәскеу мемлекеттік университетінің физика факультетінде оқыды. 1994 жылы сол жақтағы оқуын да, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясындағы қаржыгер оқуын да бітірді.
Саяси мансабы нобай|солға|Николаевтың (сол жақта) Саха Республикасы басшысы ретіндегі инаугурациясы, 2018 жылғы қыркүйек
1994 жылдан 1995 жылға дейін ол SAPI Center АҚ-на басшылық етті. 1995 жылдан ол штаб-пәтері Якутскіде орналасқан Алмазэргиэнбанк сауда банкінде жұмыс істеп келді. Сол жылдан 1998 жылға дейін ол банктің төрағасының орынбасары болды. 1997 жылдан 2002 жылға дейін ол Оленёк ауданынан сайланған Якутияның Ил Тумэн төменгі палатасының депутаты болды.
1998 жылдан 2003 жылға дейін Николаев Алмазэгриэнбанк басқармасының төрағасы болды. 2002 жылы ол үшінші сайланған Ил Тумэннің Оңшыл күштер одағы атынан депутаты болып тағайындалды. 2004 жылы ол Якутияның Қаржы министрі болып сайланады, депутаттығын осылайша тоқтатады. Николаев Якутия президентінің әкімшілігі мен үкіметінің төрағасы болып 2007 жылы тағайындалады. 2011 жылғы 18 мамырда ол Якутия үкіметі төрағасының бірінші орынбасары атанды.
2011 жылғы желтоқсанның басында Якутск қалалық думасы мэр сайлауын алты ай бұрын өткізу туралы шешім қабылдады. Сайлау 2012 жылғы 4 наурызда өтетін президенттік сайлаумен қатар белгіленді. Ал 2011 жылғы 23 желтоқсанда Якутск қаласының мэрі Юрий Заболев отставка жариялады. 2012 жылғы қаңтарда «Біртұтас Ресей» партиясы Айсен Николаевты Якутск қаласының мэрі сайлауына кандидат ретінде ұсынды. 2012 жылғы 4 наурызда өткен сайлауда Николаев дауыстың 47,73%-ін жинады, ал сайлаушылардың қатысу деңгейі 69,84%-ті құрады. Дауыс беру қорытындысы бойынша ол Якутск қалалық округі әкімшілігінің басшысы болып 5 жыл мерзімге сайланды.
2017 жылы көктемде Якутск қаласының мэрін сайлау кезекті рет тағайындалмас бұрын, «Біртұтас Ресей» партиясының Якутиядағы бөлімшесі Якутск қаласы басшысы лауазымына үміткерлер арасында праймериз өткізді. Бұл дауыс беруде Николаев дауыстың 86%-ін жинады. 2017 жылы жаздыгүні ол Якутск қаласының мэрі лауазымына қайтадан кандидат ретінде ұсынылды да, 68,4% дауыс жинап, екінші мерзімге сайланды.
Саха Республикасының басшысы 2018 жылғы 28 мамырда Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен Айсен Николаев Саха Республикасы басшысы міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. 2018 жылы Ресейде өткен сайлауда ол Саха Республикасының басшысы болып сайланып, берілген дауыстардың 71,40%-ін жинады. 2018 жылғы 27 қыркүйекте Николаев қызметіне ресми түрде кірісті.
2019 жылғы 2 тамыздан 2020 жылғы 27 қаңтарға дейін Николаев Ресей Федерациясы Мемлекеттік кеңесі Президиумының мүшесі болды.
2023 жылы Николаев Якутия басшысы болып қайта сайланды.
2026 жылғы қазанда Ил Тумэн заң шығарушы органының мүшелері Павел Петров пен Андрей Николаев (Айсен Николаевпен туыстық байланысы жоқ) Саха Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізуді ұсынды. Ұсыныс бойынша Саха Республикасының басшысы үшін белгіленген екі мерзімдік шектеуді алып тастау көзделді. Бұл өзгеріс қабылданған жағдайда, Айсен Николаев 2028 жылы қайта сайлануына құқылы болатын еді.
Санкциялар 2022 жылғы шілдеден бастап Ресейдің Украинаға басып кіруі аясында Айсен Николаев Ұлыбритания үкіметінің санкцияларына ұшырады. Санкциялардың негіздемесінде оның «Украинаның аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін немесе қауіп төндіретін әрекеттер мен саясатты қолдайтын немесе жүзеге асыратын Ресей Федерациясының өңірлік мемлекеттік органын басқаратыны» көрсетілген. 2022 жылғы желтоқсанда АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Николаевты және Ресей Федерациясының басқа 28 өңір басшысын Арнайы белгіленген азаматтар мен бұғатталған тұлғалар тізіміне (SDN List) енгізді. Бұған олардың 2022 жылғы қыркүйекте жарияланған жұмылдыру туралы жарлыққа сәйкес Ресей азаматтарын әскери қызметке шақыру шараларын жүзеге асыруға қатысуы себеп болды. Сонымен қатар, Айсен Николаев Канада мен Украинаның да санкцияларына ұшыраған.
Жеке өмірі Николаев үйленген. Людмила 2005 жылдан бері түрлі алмаз табу компанияларында атқарушы қызмет атқарып келген. Жұптың үш баласы бар.
Дереккөздер
Санат:Ресей саясаткерлері Санат:Ресей физиктері Санат:Ресей экономистері Санат:Саха Республикасы басшылары