Александр Вучич (, 5 наурыз 1970, Белград) — сербиялық саясаткер, 2017 жылдан 2026 жылға дейінгі Сербия президенті. Серб озық партиясының (СОП) негіздеуші мүшесі ретінде ол бұрын партияның 2012 жылдан 2023 жылға президенті болды, 2012 жылдан 2014 жылға дейін Сербия премьер-министрінің бірінші орынбасары, 2014 жылдан 2017 жылға дейін Сербия премьер-министрі болды.

Вучич Белградта туған, Белград университетінің заң факультетінде білім алған. Саяси мансабын Вучич 1993 жылы ультраоңшыл Серб радикал партиясы (СРП) атынан сайланған Халықтық скупщина мүшесі ретінде бастады. 1995 жылы ол СРП бас хатшысы болды. 1998 жылы ол премьер Мирко Марьяновичтің үкіметінде Ақпарат министрі болды. 2000 жылғы Слободан Милошевичтің биліктен қуылуына дейін жалғасқан Вучичтің министрліктегі өкілеттігі барысында журналистерге шектеулер және шетел телевизиясына тыйымдар орнады. 2000 жылдан кейін ол серб оппозициясындағы ең белгілі тұлғалардың бірі болды. Вучич Томислав Николичпен бірге СРП-дан кетіп, 2008 жылы СОП партиясын бірге құрды; басында Вучич партия президентінің орынбасары болды. 2012 жылғы сайлауда СОП ең ірі партияға айналады да, Сербия Социалистік партиясымен коалиция үкіметін құрады. Вучич Сербия премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалып, СОП президенті болып сайланды.

Премьер-министр болмағанына қарамастан Вучич ең ірі партияның көшбасшысы ретінде елдегі ең ықпалды адам болды. Ол Еуропа Одағының (ЕО) делдалдығымен жүргізілген Косово мен Сербия үкіметтері арасындағы ынтымақтастық диалогының маңызды тұлғаларының бірі болды. Ол екі ел арасындағы қарым-қатынастарды қалпына келтіруге бағытталған Брюссель келісімін жүзеге асыруды қолдады. Вучич 2014 жылы премьер-министр қызметіне кірісіп, нәтижесінде бір партияның саяси үстемдігіне негізделген жүйенің қалыптасуына ықпал етті. Ол мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру және экономиканы ырықтандыру арқылы Сербияның Еуропа Одағына қосылу үдерісін жалғастырды. Еуропа Одағы 2015 жылы Вучич бастаған Сербия делегациясымен өткен қосылу жөніндегі конференция барысында келіссөздердің алғашқы тарауларын ашты. 2017 жылы Вучич Сербия президенті болып сайланды. Ол 2022 жылы қайта сайланды. 2026 жылы ол президенттік қызметінен кетіп, 2026 жылғы Сербия парламенттік сайлауында премьер-министрлікке кандидат ретінде «Александр Вучич — Біртұтас Сербия» атты Сербия озық партиясының (СОП) сайлау тізімін басқаруға кірісті. Оның сайлау тізімі Студенттер тізімінен жеңіліп қалды. Алдын ала есеп бойынша, Студенттер тізімі парламенттегі орындардың абсолютті көпшілігін иеленді. Вучич сайлау өткен түні жеңілгенін мойындады.

Президенттік қызметі кезінде Вучич «Ашық Балқан» бастамасын көтерді. Бұл бастама Балқан елдері арасында экономикалық аймақ құруды және «төрт еркіндікті» — тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және адамдардың еркін қозғалысын қамтамасыз етуді көздеді. Сондай-ақ, 2020 жылғы қыркүйекте ол Косовомен экономикалық қатынастарды қалпына келтіруге бағытталған келісімге қол қойды. Популистік саясаткер ретінде Вучич Сербияның Еуропалық Одаққа қосылуын қолдайды. Сонымен қатар, Ресеймен және Қытаймен жақсы қарым-қатынасты сақтауды қалайды. Сыншылар Вучичтің билік жүргізу тәсілін авторитарлық, автократиялық немесе либералдық емес демократияға тән деп сипаттайды. Олар өз пікірлерін баспасөз бостандығының шектелуімен және азаматтық бостандықтардың төмендеуімен байланыстырады.*

Ал Вучич әкімшілігін қолдаушылар елдегі экономикалық өсімді және прагматикалық әрі теңгерімді саясат жүргізуге бағытталған әрекеттерді атап көрсетеді.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Сербия саясаткерлері Санат:Сербия премьер-министрлері Санат:Сербия президенттері Санат:Серб озық партиясы мүшелері