Мағбат Уарысбекұлы Спанов — Қазақстан даму институтының президенті.
Өмірбаяны 1964 ж. 15 шілдеде Барнаул қаласында (РФ) туған. 1989 ж. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ді бітірген, экономист. Экономика ғылымдарының докторы (2002), доцент (2001). 1981-82 жж. - Алматы темір жолының №7 Депо жүкшісі. 1982 ж. - Жол-жөндеу механикалық шеберханасының слесарі. 1982-84 жж. - Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеген. 1985 ж. - Алматы темір жолының слесарі. 1989-92 жж. - ҚР ҰҒА Экономика институтының кіші ғылыми қызметкері. 1992-93 жж. - ҚМЭБИ Стратегиялық зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері. 1993-94 жж. - ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері. 1994 жылдан - Қазақстан даму институтының ғалым-хатшысы, вице-президенті, президенті. ҚР Парламентінің Мәжілісі жанындағы Қоғамдық сарапшылар палатасының мүшесі (2006), Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мүшесі (2005), Сайлауды бақылау жөніндегі РҚБ мүшесі (2005). «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері (1998). 5 монографияның, 100-ден астам жарияланымның авторы. Жұмыстағы негізгі ұстанымы: «Қорықсаң - істеме, істесең - қорықпа». Іскер адамның бойындағы құнды қасиеттер: «Көргенділік, міндеттілік және перспективалық ойлау».
Қазақстан қаржы аясына талдауы: «Қазақстан қаржы аясының негізгі жетістіктері: а) екі деңгейлі банк жүйесінің құрылуы; ә) мемлекеттік бюджетті қалыптастыру принципінің өзгеруі; б) аймақтық қаржы орталығын құру мүмкіндігіне дейін деңгейдің өсуі. Негізгі проблемалары: а) қаржы аясында артық өндіру; ә) қаржы секторының өнеркәсіпке қаржы жұмсауға қабілетсіздігі; б) инфляцияның жоғары деңгейі; в) қаржы секторының халыққа емес, ірі бизнеске қызмет көрсету айналасында шоғырлануы; г) қаржы капиталының шетелге «қашуы».Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар