Әлеуметтік жоспарлау – халықтың тұрмыс жағдайына тікелей қатысты үдерістерді реттеу. Экономикалық қызметтің әлеуметтік қырларын дамыту мақсатын айқындайды. Әлеуметтік жоспарлау нысаны – әлеуметтік қатынастар, қоғамның әлеуметтік құрылымының оңтайлы жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз етуді талдап жасау, оның экономикалық және әлеуметтік дамуы үдерістерін синхронизациялау. Әлеуметтік жоспарлауда тұрмыс деңгейі мен оның көрсеткіштері: халықтың нақты табысының сипаттамалары; тұтынудың деңгейі мен өсу көрсеткіштері; материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің аса маңызды түрлерімен халықтың қамтамасыз етілуі; әлеуметтік даму саласындағы талдамалар – еңбек жағдайының жақсартылуы, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, халықтың жалпы білімі мен мәдени деңгейін жоғарылату, тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық, медициналық қызмет көрсету жағдайын жақсарту, т.б. қамтылады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X томҚаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Сілтемелер Экономика Жоспар Синхронизация
Дереккөздер
Санат:Экономика Санат:Қаржы