Есмұханбет Сейдахметұлы Смайылов (1946 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қызылкесік ауылы) – функциялар және функционалды талдау саласындағы маман, физика-математика ғылымдарының докторы (1998), профессор (1993).

ҚазМУ-ды (1968, қазіргі ҚазҰУ) және Қазақстан ҒА-ның Математика және механика институтының аспирантурасын (1971) бітірген. Қарағанды педагогика институтында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік университеті) оқытушы, аға оқытушы, доцент, математикалық талдау кафедрасының меңгерушісі, математика факультетінің деканы, профессор (1972–2003) қызметтерін атқарды. 2004 жылдан ҚР Қолданбалы математика институтының директоры.

Шығармалары 70-тен астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы.Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы Теоремы типа Пэли для кратных рядов Фурье по обобщенным системам типа Хаара (2001); Теоремы вложения для пространств О. В. Бесова с мультипликативным базисом Прайса (2003)Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:1946 жылы туғандар Санат:Тарбағатай ауданында туғандар Санат:Физика-математика ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Математика, информатика және механика институты түлектері Санат:Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті оқытушылары Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті декандары Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессорлары Санат:Қолданбалы математика институтының директорлары