thumb| |right| “Спейс Шаттл” (ағылш. Space Shuttle, сөзбе-сөз – ғарыштық қайықша) – америкалық көп рет пайдаланылатын, адам басқаратын көліктік ғарыштық кеменің атауы. “Спейс Шаттл” – 200 – 500 км биіктіктегі орбитаға ғарыштық аппарат (ҒА) шығару, орбитада зерттеулер жүргізу; ҒА-дан эксперимент нәтижелерін жерге жеткізу; ҒА-ны жөндеуден өткізу үшін қолданылады. “Спейс Шаттлдың” төменгі орбитаға алып шығатын пайдалы жүгінің массасы 25,4 тонны құрайды; ұшу ұзақтығы 30 тәулік; экипаж құрамы 8 адамнан тұрады. Кеме массасы шамамен 2000 т, ұзындығы 56 м “Спейс Шаттлдың” 1-сатысы 40 км биіктікте бөлініп, мұхитқа құлап түсетін қатты отынды 2 үдеткіш, 2-сатысы – қанатты ұшақпен басқарылып, бірнеше рет қолдануға есептеліп жасалған. “Спейс Шаттл” кемесі 1989 жылдың 1 қаңтарына дейін орбиталық сатының 4 үлгісін (“Колумбия”, “Челенджер”, “Дискавери”, “Атлантис”) пайдаланып, 27 рет ғарышқа сапар шекті. “Спейс Шаттл” негізінен әскери мақсаттағы жүктерді байланыс және ғыл. ЖЖС-ны, “Спейслэб” зертханасын, ғыл. аспаптарды орбитаға шығару; АҚШ Қорғаныс министірлігінің бағдарламасы бойынша әр түрлі тәжірибелер жүргізу үшін қолданылады. Барлық ғарыштық ұшырулар Канаверал мүйісінің шығару кешенінде жүргізіледі. 25-ғарыштық ұшыру кезінде, құрамында “Челенджер“ орбиталық сатысы болған “Спейс Шаттл” кемесі апатқа ұшырады.
Қазақ энциклопедиясы Пайдаланған сілтеме
Санат:Ұшу аппараттары Санат:NASA
af:Ruimtependeltuig ar:مكوك فضاء az:Speys Şattl be-x-old:Спэйс шатл bg:Космическа совалка ca:Transbordador espacial cs:Space Shuttle da:Rumfærge de:Space Shuttle el:Διαστημικό Λεωφορείο en:Space Shuttle eo:Kosmopramo es:Transbordador espacial fa:شاتل فضایی fi:Avaruussukkula fr:Navette spatiale américaine frr:Space Shuttle gan:太空船 gl:Carreira espacial he:מעבורת חלל hr:Space Shuttle hu:Space Shuttle id:Pesawat ulang-alik is:Geimskutla it:Space Shuttle ja:スペースシャトル ko:우주왕복선 la:Navicula spatialis li:Space Shuttle lo:ກະສວຍອາວະກາດ lt:Space Shuttle lv:Space Shuttle mr:अंतराळ यान ms:Bolak-balik angkasa lepas nl:Ruimteveer nn:Romferje no:Romferge nv:Yágháhoníkáángóó ałánátʼahí pl:Wahadłowiec kosmiczny pt:Ônibus espacial ru:Спейс шаттл scn:Space Shuttle sh:Space Shuttle simple:Space Shuttle sk:Space Shuttle sr:Spejs šatl stq:Space Shuttle sv:Rymdfärja ta:விண்ணோடம் tr:Uzay mekiği uk:Шатл ur:فضائی مکوک vi:Tàu con thoi yi:ספעיס שאטעל yo:Ọkọ̀-àlọbọ̀ Òfurufú zh:航天飞机 zh-min-nan:Thài-khong-so zh-yue:穿梭機