thumb|right|200px|Серік Ақпенұлы Аяғанов

Серік Әкпенұлы Аяғанов (10 сәуір 1952 ж.т., Біржан сал ауданы Степняк қ.) — ғалым, медицина ғылымдарының кандидаты (1999), докторы (2003), ҚР Парламенті Сенатының депутаты (2005)."Қазақ Энциклопедиясы"

Әкесі - Аяғанов Ақпен (1906-1958), ҰОС қатысқан, жол шебері болған. Анасы - Аяғанова Бәтен (1912-1991), үй шаруасымен айналысқан.

Қарағанды мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген (1975), дәрігер. Көкшетау экономика және менеджмент институтын (2005) бітірген. 1975 жылдан - Қарағанды қалалық №3 ауруханасының дәрігер-интерні. 1976 жылдан - Ленин аудандық ауруханасының хирург-дәрігері. 1981 жылдан - Ленин аудандық ауруханасының бас дәрігері. 1987 жылдан - Көкшетау облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бас хирургі. 1992 жылдан - Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері. 2005 жылдың желтоқсан айынан бері - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы. 2011 жылдан бастап Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарады

Ғылыми жұмысы Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Асциттіксиндромды шағын инвазивтік технологияларды қолдану арқылы анықтау және кешенді хирургиялық емдеу». «Құрсақ аймағының және іш қуысының ауруларын видеоэндоскопиялық зерттеу» (Санкт-Петербург қаласы, 2001) «Бауыр және ет шығару жолдарының хирургиясы женіндегі жетекші оқу құралы» (Санкт-Петербург қаласы, 2003) оқу құралдарының, 30 жарияланымның авторы.

Қоғамдық қызметі Ақмола облыстық мәслихатының депутаты (1999-2005). Ақмола облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды (2005-2011).

Марапаттары ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі (2002). Кәсіподақтар қозғалысының үздігі (2002). «Құрмет» орденімен (2002); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. Басқа да мәліметтер Әскери атағы - медицина қызметінің запастағы капитаны. Үйленген. Жұбайы - Аяғанова Сәуле Ахметжанқызы (1955 жылы туған), мейірбике. ¥лдары - Ербол (1978 жылы туған), Петропавл қаласында банк бас қармасының орынбасары; Ерлан (1983 жылы туған), Ақмола облысы ауруханасының дәрігер-нейрохирургі.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:10 сәуірде туғандар Санат:1952 жылы туғандар Санат:Степнякта туғандар Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздіктері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері