Кассалық тәртіп«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том – кәсіпорындардың (фирмалардың‚ кәсіпкерлердің‚ тағы басқа) қолма-қол ақшаны қабылдау‚ сақтау және жұмсау ережелерін қатаң орындауы. Оның негізгі элементтері: түскен ақшаны банкке уақытылы өткізу‚ меншікті кассада қолма-қол ақша қалдығының белгіленген лимитін сақтау‚ кассадағы түскен ақшаны белгіленген нормалар шегінде дербес жұмсау‚ банктен алынған қолма-қол ақшаны мақсатқа сай жұмсау және пайдаланылмаған ақшаны уақытылы қайтару‚ қолма-қол ақшамен есеп айырысу ережелерін сақтау.

Дереккөздер

Санат:Заң