Базар Есұлы (19 ғ.) — Кенесары ханның қозғалысына қатысқан батыр, ақын. Ақмола өңірінде дүниеге келіп, қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында қайтыс болған. Әліке батырмен бірге туған.

Әкесі — Ес батыр, шешесі — Мамай батырдың қарындасы. Көтерілісшілердің жеке қолын бастап, ханның жауапты тапсырмаларын орындаған. Б. ақын айтты деген: «Тасыма, жігіт, тасыма! Күшігендей сақылдап, Күлгенің не досыңа? Жақсылыққа қуанып, Жамандыққа жасыма. Өле-өлгенше тұрмайды, Жақсылық пен жамандық, Бір кісінің басында», - деген өлең жолдары халық жадында сақталған.

Зираты Қарағанды облысы Теңіз ауданы Сарыөзен а-ның батысындағы Тікенекті қорымында.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:Ақмола облысында туғандар Санат:Туған жылы белгісіздер Санат:Қайтыс болған жылы белгісіздер Санат:Мойынқұм ауданында қайтыс болғандар Санат:Қазақ батырлары Санат:Қазақ ақындары Санат:Ұлт-азаттық қозғалыстар қатысушылары