Этил спирті, этанол, С2Н5ОН немесе CH3CH2OH – біратомды қаныққан-алифатты спирт, түссіз, күйдіргіш дәмі және өзіндік иісі бар оңай қозғалатын сұйықтық; балқу температурасы –144,15°C, қайнау температурасы 78,39°C.

Этил сумен, спирттермен, эфирлермен, бензинмен, т.б. органикалық еріткіштермен кез келген қатынаста жақсы араласады. Депрессанттарға жатады.

Алу амалдары Өнеркәсіпте этилді алу үшін этиленді күкірт қышқылы арқылы немесе тікелей гидраттайды. Этил спирті екі түрлі тәсілмен алынады: ферментативтік немесе биохимиялық; химиялық немесе синтетикалық. Бірінші тәсілде ашытқы ферменттерінің әсерінен қанттың ашуынан алынады, екінші тәсілде этиленге катализатор көмегімен суды қосу арқылы алынады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1

Ашыту зимаза ферментінің әсерімен а.ш. шикізаттарын (картоп, дәнді дақылдар, т.б.) ашытады және ағашты, т.б. өсімдіктерді гидролиздейді. Осы этил спиртінің алу амалы адамзатқа баяғыдан бері бар.

Қолданылуы Этил әр түрлі өндіріс салаларында (лак-бояу, фармацевтика, тұрмыстық химия, т.б.) еріткіш ретінде; хлороформ, диэтил эфирі, этилацетат, диэтиламин, сірке қышқылы, т.б. органикалық өнімдерді алу үшін бастапқы шикізат ретінде;

Жанармай Мотор отыны, антифриз, т.б. түрінде кеңінен қолданылады.

Тамақ өнеркәсібі Өндірілетін этилдың көп бөлігі спирттік сусындар жасау үшін пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том Этил спиртінен әртүрлі сусындар дайындалады, бірақ осы сусындар адам үшін зиян болып саналады.

Медицина Этил спирті медицинада жақсы қолданады.Антисептик сияқты қолданылады, жараларды дезинфекциялау үшін, метанол мен этиленгликоль спирттерімен уланғандағы антидот.

Жәй өмірде Жәй өмірде этил спирті кірді кетіру үшін қолданылады.

Этанолдың қауіпі Этил спирті немес этанол адам организміне зиян, егер адам этил спиртін көп ішсе, адамда гипноздық және улы эффект пайда болуы мүмкін. Егер адам этил спиртін көп уақыт ішсе, онда осы аурулар пайда болуы мүмкін: бауыр циррозы, гастрит, панкреатит, асқазан жарасы, әртүрлі қатерлі ісіктер, анемия, гипертензия, инсульт. Тағы да клиникалық депрессия және алкоголизм пайда болуы мүмкін.

Қасиеттері Этил спирті ауадан ылғалды өзіне жақсы сіңіреді, жақсы еріткіш, сумен, эфирмен, глицеринмен, бензинмен, т.б. көптеген органикалық еріткіштермен жақсы араласады. Тағыда этил спирті оңай және өте жақсы жанады.

Дереккөздер

Санат:Еріткіштер Санат:Отын Санат:Алкогольдік ішімдіктер

Санат:Бір атомды спирттер