Эттли Клемент Ричард (3 қаңтар 1883, Патни, Лондон – 8 қазан 1967, Лондон) — британдық саяси қайраткер, Ұлыбритания премьер-министрі (1945–1951). 1908 жылы Тәуелсіз жұмысшы партиясына мүше болды. thumb|250px|Эттли Lord Privy Seal ретінде муниция фабрикасында сапарда, 1941

1922–1955 жылдары лейбористік партия атынан қауымдар палатасының мүшесі болып, үкіметтің құрамына енгізілді. 1930–1931 жылдары Ланкастер герцогтығының канцлері, байланыс министрі (1931) болды. 1935–1955 жылдары Лейбористік партияның жетекшісі болып сайланып, 1942–1945 жылдары премьер-министрдің орынбасары, доминиондар істері жөніндегі министр және Уинстон Черчилль бастаған коалициялық үкімет Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1945 жылғы шілдеде өткен парламент сайлауында лейбористік партия жеңіске жетіп, 1945–1951 жылдары Эттли үкіметті басқарды, әрі 1945–1946 жылдары қорғаныс министрі болды. Этрус тіліүкіметі Потсдам конференциясына (1945) қатысты, Англия банкісін, темір жолды, азаматтық авиацияны, байланысты, көмір, болат балқыту өнеркәсібін, өнеркәсіптің, т.б. салаларын мемлекет қарамағына алды, елдегі әлеум. қамсыздандыруды, оқу-ағарту және денсаулық сақтау жүйесін жақсартты. Сыртқы саясатта Этрус тіліүкіметі 1947 жылы Үндістан мен Пәкістанға, 1948 жылы Бирмаға тәуелсіздік берді, КСРО-ның ықпалын тежеуге тырысты, Маршалл жоспарын жүзеге асыруға, Солтүстік Атлант шарты ұйымын (НАТО) құруға белсене қатысты. 1955 жылы Эттлиге Ұлыбританияның ақсүйектік атағы (граф) берілді.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:3 қаңтарда туғандар Санат:1883 жылы туғандар Санат:Лондонда туғандар Санат:8 қазанда қайтыс болғандар Санат:1967 жылы қайтыс болғандар Санат:Лондонда қайтыс болғандар Санат:Ұлыбритания премьер-министрлері Санат:Ұлыбритания байланыс министрлері Санат:Ұлыбритания қорғаныс министрлері Санат:Оппозиция көшбасшылары (Ұлыбритания)