Нығметулла Киікбаев (5.5.1910, Жамбыл облысы Байзақ ауданы – 6.11.1982, Алматы қаласы) – тарих ғылымының докторы (1970), профессор (1972), 1977 - Қазақ КСР-інің еңбек сіңіргенғылыми қайраткері. 1933 - Әулиеата (Тараз) қаласындағы педагогикалық техникумды бітірген. 1933-1935 - Жамбыл облысы қазіргі Байзақ ауданында мұғалім, балалар үйінің директоры, ауданы оқу бөлімінің инспекторы болды. 1939 - ҚазПИ-дің тарих факультетін (қазіргі ҚазҰПУ) бітіргеннен кейін, 1941 - Алматы қаласындағы орыс-қазақ педагогикалық училищесінің директоры, 1941-1943 - Жамбыл облысы оқу бөлімінің меңгерушісі, 1945-1948 - БК(б)П ОК-нің жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы (1943–45), Қазақстан Компартиясы ОК-нің лекторы, 1948-1951 - ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі, 1951-1961 - доцент, 1961-1963 - ҚазПИ-де доцент, декан, 1968-1972 - кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1969 жылы «Исторический опыт КОКП в разрешении национального вопроса в Казахстане (на материале казахского народа)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Киікбаев 100-ден астам ғылыми жарияланымның, кітаптардың авторы.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар