Қойбағар Көбеков (18 ғасырда өмір сүрген) – Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханның 1726 ж. Санкт-Петербургке жіберген елшісі.
Бұл елшіліктің алдына Кіші жүз қазақтарын Ресей үкіметінің қолдауына қол жеткізу міндеті қойылды. Көбеков патшалық иемденіп алған жер-суды, Еділ мен Жайық өзендері арасындағы жайылымдарды қайтарып алу, Ресеймен сауда-саттық қатынастарды жолға қою, Жайық казак-орыстары тарапынан төніп тұрған қауіп-қатерге жол бермеу, соғыс тұтқындарын алмастыру сияқты мәселелерді шешуге тиіс болды. Бірақ Көбеков бастаған елшіліктің жұмысы сәтсіз аяқталды.Қазақ Энциклопедиясы, 11 - томБатыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Туған жылы белгісіздер Санат:Қайтыс болған жылы белгісіздер Санат:XVIII ғасыр дипломаттары Санат:Қазақ хандығы елшілері