Михаил Григорьевич Пенкин (1929, Қырғызстан, Шу ауданы Покровка ауылы – 15.2.2009, Алматы қ.) – техника ғылымының докторы (1983), профессор (1984). 1953 Ленинград (Санкт-Петербург) ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институтын бітірген. 1959 Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының (ҚазАШМЖЭҒЗИ) аспирантурасын бітірген. 1953–1956 Тоқмақ техникумында оқытушы. 1959-1960 Шығыс Қазақстан тәжірибе станциясында бөлім меңгерушісі. 1960 жылдан өмірінің соңына дейін ҚазАШМЖЭҒЗИ-нда аға инженер, бөлім меңгерушісі, аға ғылым қызметкер болып жұмыс істеген. Ғылыми жұмыстар 120-дан астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы. 21 авторлық куәлік пен патенттің иегері."Қазақ энциклопедиясы". Дереккөздер</span>
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Михаил Григорьевич Пенкин · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.