Александр Владимирович Селезнев (22 қараша 1906, Санкт-Петербург — 22 мамыр 1961, Алматы) – балет артисі, педагог, Қазақ КСР-інің халық әртісі (1955).

Өмірбаяны 1923–26 ж. Санкт-Петербургтің хореографиялық училищесінде оқыды.

Сахналық жолын 1926 жылдан бастаған.

1936 – 37 ж. Мәскеудегі Yлкен театрда балет артисі қызметін атқара жүріп, классикалық би педагогтары курсын бітірді.

1937 – 45 ж. Алматыда тұрып, қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында балет артисі қызметін атқарды. Мұнда ол Мергенбай (В.В. Великанов, “Қамбар — Назым”), т.б. партияларды биледі. 1937 жылдан Алматы хореографиялық училищесінде (1996 жылдан С. есімімен аталады) ұстаздық етіп, ұлттық хореографиялық өнері үшін кадрлар даярлауда елеулі еңбек сіңірді.

Шәкірттері Шәкірттері — Д.Әбіров, С.Көшербаева, З.Райбаев, Р.Тәжиева, т.б.

Марапаттары

Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:22 қарашада туғандар Санат:1906 жылы туғандар Санат:Санкт-Петербургте туғандар Санат:22 мамырда қайтыс болғандар Санат:1961 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан балет әртістері Санат:КСРО балет әртістері Санат:XX ғасыр балет әртістері Санат:КСРО балет педагогтары Санат:Қазақстан балет педагогтары Санат:XX ғасыр балет педагогтары Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Қазақ КСР-інің халық әртістері