Нелли Ивановна Колычева (1.7.1931 жылы туған, Ресей, Ростов облысы Сельск ауданы «Гигант» кеңшары) – медицина ғылымының докторы (1972), профессор (1977). 1955 - Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және аспирантурасын (1960) бітірген. 1960-1977 - ҚР Денсаулық сақтау министрілігі Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1960–77) болды. 1977 жылдан ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарады.
Колычева 300-ге жуық ғылыми жарияланымның, оның ішінде 7 монография мен 2 өнертабыстың авторы. КСРО Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1982).Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:1931 жылы туғандар