Александр Андреевич Корабельников (1949, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылы) – әскери ғылымының докторы (1992), профессор (1993). 1970 - Ташкент жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 1980 - әскери академиясын бітірген. 1970–1977 жылдары Орта Азия әскери округінде взвод, рота, батальон командирі, кейін әскери академияда аға ғылыми қызметкер, ғылыми-зерттеу лабораториясының бастығы қызметін атқарған. 1994 жылдан Ресей Қарулы күштері Жалпы әскери академиясында кафедра бастығының орынбасары.
Бірнеше әскери-теориялық еңбектері үшін белгілі Ресей әскери теоретигі А.А.Свечин сыйлығы берілген.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы
Дереккөздер