Кершетас (1993 жылға дейін – Антоновка)Об упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан — Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл, Келтемашат ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 31 км-дей жерде, бұта, ши аралас әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен, тау алды жазығының қоңыр, бозғылт қоңыр топырақты қуаң далада орналасқан.
Тарихы Іргесі 1960 жылы Жамбыл атындағы қой өсіру ұжымшарының орталығы ретінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Кершетаста шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен15671765 1841 104,3 876 921 105,1 889 920 103,5
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автокөлік жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Түлкібас ауданы елді мекендері