Серікбай Иманбайұлы Қошқаров (15 маусым 1945 жылы туған, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Сұлутөбе ауылы) — техника ғылымдарының докторы (1997), профессор (2000)“Қазақ Энциклопедиясы”, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (2025), Қызылорда қаласының құрметті азаматы (2020).Сыр елі. Энциклопедия. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024. – 410-б.

Өмірбаяны

1968 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын бітірген. Институтты аяқтаған соң 2 жылдай өндірісте еңбек етті. 8 жылға жуық «Қазақ күріш шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институтында зертхана меңгерушісі қызметін атқарды. 1978 жылы Мәскеу гидромелиоративтік институтында кандидаттық диссертациясын қорғады. 1978 жылдан бастап Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтының Қызылорда филиалында (кейіннен Ы. Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты, Ы. Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті) еңбек етуде: 1978–1983, 2010–2013 жж. — кафедра меңгерушісі; 1983–1996 жж. — факультет деканы; 1998–2003 жж. — оқу ісі жөніндегі проректор; 2003–2009 жж. — ғылыми-зерттеу институтының директоры; 2013 жылдан бастап — Су шаруашылығы және жерге орналастыру кафедрасының профессоры. 1997 жылы Мәскеу гидромелиоративтік институтында докторлық диссертациясын қорғады.

Ғылыми және шығармашылық қызметі Ғылыми еңбектері Сырдарияның төменгі ағысындағы экологиялық-мелиоративтік жағдайды жақсартуға, суармалы жүйелердің тиімділігін арттыруға және ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруде су үнемдеу технологияларын енгізуге арналған.

100-ден астам ғылыми еңбектің, 2 монографияның және 2 оқу құралының авторы. 80-нен астам очерк, әңгіме және публицистикалық мақалалар мен 3 кітаптың авторы.

Марапаттары мен атақтары

«Құрмет» ордені (2005) «Парасат» ордені (2025) «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі «ҚР Ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісі «Су шаруашылығы ардагері» төсбелгісі Қорқыт Ата атындағы Алтын медаль Қызылорда қаласының құрметті азаматы (2020) Қызылорда облысы әкімінің «Тұран» сыйлығы (2026)

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар