Филипп Исаевич Голощёкин (шын аты — Шая Ицикович Голощёкин; 9 наурыз 1876 жыл, Невель – 18 қазан 1941 жыл, Куйбышев) — большевик революционер, кеңестік саясаткер, 1925 жылдан 1933 жылға дейін Қазақстан өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы. Голощёкиннің жергілікті басшылығы 1930–1933 жылдардағы қазақ ашаршылығымен ерекшеленді.

Өмірбаяны Шая Ицкович-Исаакович (Исаи Исаакович) Голощекин 1876 жылы 26 ақпанда (9 наурыз) Невельде еврей отбасында дүниеге келген. 1903 жылдан КОКП мүшесі. Санкт-Петербург, Кронштадт, Сестрорецк, Мәскеуде, сондай-ақ Франция, Германияда большевиктер партиясына араласты. Бірнеше рет ұсталып, айдауда болды. Қазан төңкерісін дайындау және өткізу кезінде Петроград революциясы соғыс коммитетінің мүшесі болып, ішкі және сыртқы байланыс бөлімін басқарды. Тақтан тайдырылған император II Николайдың өзін және отбасын ату жазасын орындауға белсене қатысты. Азамат соғысы жылдарында Пермь, Екатеринбург губерниясы коммиттерінің және Урал облысы коммитетінің хатшысы, Урал облысы әскери комиссары, 3-армия саяси бөлімінің бастығы, БОАК және РКФСР ХКК-нің Түркістан істері жөніндегі комиссиясының мүшесі болды. 1922–1925 жылдары Кострома губерниясы атқару коммитеті мен РК(б)П Самара губерниясы коммитетінің төрағасы, 1925–1933 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелік коммитетінің 1-хатшысы болып істеді. Голощёкин Қазақстанға келісімен «қазақ ауылы үшін Кіші Қазан» ұранын көтерді. Осы ұран аясында ұжымдастыру саясатын жүзеге асыруда ірі қателіктер жіберді. Мұның салдары ауыр болды. Жедел ұжымдастыру, отырықшыландыру, тіпті урбанизациялау саясаты жаппай ашаршылыққа әкелді. 3 миллион қазақ көз жұмды, көп бөлігі Қытайға, Ресейге, Түрікменстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Иранға, т.б. өңірлерге босып кетті. Ұлтаралық қатынастар нашарлады, бұрыннан пайдаланылып келген араб әліпбиі өзгертіліп, латын алфавиті енгізілді. 1926 жылдан бастап ішкі Ресейден орыстарды Қазақстанға көшіру күшейді. Ірі бай және жартылай феодалдардың малын тәлкілеу науқаны жүргізіліп, астана Қызылордадан Алматыға ауыстырылды. 1928 жылы Алматы қаласында Қазақ педагогикалық институты ашылды, одан бұрын Қызылорда қаласында қазақ драма театры бірінші маусымын бастады. 1931 жылы Ақмола–Қарағанды, Түрксіб темір жолы іске қосылды. Алматы, Орал ет комбинаттары, Алматы, Талдықорған, Меркі қант зауыттары жұмыс істей бастады. Қазақ зиялыларын жаппай жазалау саясаты күшейді. Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабай, т.б. саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Голощёкин ұлттық пиғылдағы Смағұл Сәдуақасов, Сұлтанбек Қожанов, Нығмет Нұрмақов, т.б. қайраткерлермен күресіп, өз дегеніне жетті. Қазақ қызметкерлерін жұмысқа алу төмендеді. Қазақ халқы арасында орталық билікке, оның өкіліне деген наразылық күшейді. Осыған байланысты Голощёкин орнынан алынып, партия басшылығына Левон Мирзоян жіберілді. Қазақстаннан кеткен Голощёкин 1933–1937 жылдары КСРО ХКК жанындағы бас арбитр болып істеді. 1938 жылы «халық жауы» ретінде изоляторда тұтқындалып, 1941 жылы бір топ әскерилермен бірге Куйбышев қаласында атылды. Кейіннен 1961 жылы ақталды.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том

Дереккөздер

Санат:Большевиктер Санат:РСДЖП ОК мүшелері Санат:Самара тұлғалары Санат:Сестрорецк тұлғалары Санат:Ресейдегі 1905—1907 жылдар төңкерісіне қатысқандар Санат:Қазан төңкерісіне қатысқандар Санат:Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшылары Санат:КСРО-дағы ашаршылық (1932—1933) Санат:Қазақстандағы ашаршылық Санат:Коллективизация қатысушылары Санат:КОКП ОК мүшелігіне кандидаттар Санат:КОКП ОК мүшелері Санат:Орал әскери округінің қолбасшылары Санат:БОАК мүшелері Санат:БК(б)П Қазақстан аумақтық комитетінің хатшылары Санат:РСДЖП(б) VI съезінің делегаттары Санат:РК(б)П VII съезінің делегаттары Санат:РК(б)П XIII съезінің делегаттары Санат:БК(б)П XIV съезінің делегаттары Санат:БК(б)П XV съезінің делегаттары Санат:БК(б)П XVI съезінің делегаттары Санат:БК(б)П XVII съезінің делегаттары Санат:РСДЖП(б) VI съезінің делегаттары Санат:РСДЖП(б) VII съезінің делегаттары Санат:РСДЖП(б) VIII съезінің делегаттары Санат:РСДЖП(б) IX съезінің делегаттары Санат:РСДЖП(б) X съезінің делегаттары Санат:РСДЖП(б) XI съезінің делегаттары Санат:РСДЖП(б) XII съезінің делегаттары Санат:РСДЖП(б) XIII съезінің делегаттары Санат:РСДЖП(б) XIV съезінің делегаттары Санат:РСДЖП(б) XV съезінің делегаттары Санат:РСДЖП(б) XVI съезінің делегаттары Санат:РСДЖП(б) XVII съезінің делегаттары Санат:Патша отбасының атылуын ұйымдастырғандар Санат:Жағалаудағы үй тұрғындары Санат:РК(б)П VIII съезінің делегаттары Санат:РК(б)П XI съезінің делегаттары Санат:КСРО-да репрессияланған партия органдарының басшылары Санат:Бутырка түрмесінің тұтқындары Санат:Суханово түрмесінің тұтқындары Санат:1941 жылы бұйрықпен өлгендер Санат:РКФСР-да бұйрықпен атылғандар Санат:Қайтыс болғаннан кейін КСРО-да ақталғандар Санат:РК(б)П XII съезінің делегаттары Санат:Сотсыз бұйрықпен атылғандар Санат:Нарымға қуылғандар Санат:Туруханск өлкесіне қуылғандар Санат:Туринскіге қуылғандар