Жаңабай Азаматов (20 сәуір, 1913, Сырдария ауданы Шіркейлі ауылы – 29 шілде, 1996, Сырдария ауданы Шіркейлі ауылы) – еңбек және соғыс ардагері.

Өмірбаяны Қызылорда педогогикалық техникумын бітірген (1934). 1934 – 39 ж. ауылдық мектепте бастауыш сынып мұғалімі болды. 1939 – 41 ж. Сырдария ауданы комсомол комитетінің хатшысы, аудандық партия комитеті әскер бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1941 – 44 ж. екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, ротаның саяси жетекшісі болды. 1944 – 48 ж. Сырдария ауданы партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі Қызылорда облыстық партия комитетінің нұсқаушысы Жаңақорған аудандық партия комитетінің екінші хатшысы. 1948 – 51 ж. жоғары партия мектебінде оқыды. 1950 – 55 ж. Сырдария ауданы партия комитетінің екінші хатшысы Тереңөзек аудандық тұтынушылар одағы басқармасының төрағасы Аламесек (қазіргі Есет батыр ауылы) машина-трактор станциясында партбюро хатшысы 1955 – 83 ж. туған ауылы Шіркейліде ұжымшар бастығы, кеңшар директоры болып қызмет етті. 1955 ж. Шіркейлі ауылына келісімен ұзындығы 25 км Бесөзек арнасын қаздыртты.

Жетістіктері Азаматов басқарған кеңшар бірнеше рет ауыспалы Қызыл Тумен марапатталды. Алтын кітапқа жазылды. Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің жеңімпазы атанды."Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:20 сәуірде туғандар Санат:1913 жылы туғандар Санат:Сырдария ауданында (Қызылорда облысы) туғандар Санат:29 шілдеде қайтыс болғандар Санат:1996 жылы қайтыс болғандар Санат:Сырдария ауданында (Қызылорда облысы) қайтыс болғандар Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесі медалінің иегерлері Санат:Қазақстанның Алтын кітабына жазылғандар