Анатолий Григорьевич Кравцов (15.1.1941 жылы туған, Ресей, Брянск облысы Новозыбков қаласы) – экономика ғылымының докторы (1994). ҚазМУ-дың экономикалық факультетін (1962, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1961 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Экономика институтында ғылыми қызметкер (1971), аға (1978) және жетекші (1995) ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді.
«Проблемы научно-технического прогресса в условиях перехода к рынку (на материалах промышленности РК)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Кравцов 70-тен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 13 монографияның авторы.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы
Дереккөздер