Асан Бекешұлы Оспанов (18.5.1961 жылы туған, Тараз қаласы) – техникалық ғылым докторы (2000). 1983 Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялар институтын (қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) бітірген соң осы институтта аға оқытушы, доцент, 1983–2001 кафедра меңгерушісі 2001-2003 Алматы технолиялар университетінде ғылым зерттеу институтының директоры, кафедра меңгерушісі болды. 2003 жылдан Ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылым-зерттеу институтының директоры. Ғылыми жұмыстар «Разработка вибрасепаратора для обработки зерновых, маслячных и крупяных культур в условиях хозяйств и перерабатывающих предприятий» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 70-тен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. Марапаттар 9 өнертабыс пен патенттің иегері.Қазақ Энциклопедиясы. Дереккөздер
Санат:Ғылым