Еркін Ғазизұлы Жәкішев (1934 ж.т., Павлодар облысы Ақсу қаласы) – заң ғылымдарының докторы (1994), профсор (1995). Қысқаша өмірбаяны

1959 ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1959–60 Қарағанды басқармасында қызметкер; 1960–61 прокуратура тергеушісі; 1961–63 Қазақ сот сараптамасы ғылыми-зерттеу институтының аға инспекторы; 1963–67 Алматы облысы сотында судья; 1967–72 Қазақ сот сараптамасы ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі; 1972–91 ҚазМУ-да доцент; 1991–97 кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1997 жылдан ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі, ректордың 1-орынбасары. 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы.Қазақ энциклопедиясы Дереккөздер

Санат:1934 жылы туғандар Санат:КСРО заңгерлері Санат:Қазақстан заңгерлері