Анатолий Борисович Беклемишев (15.4.1946 жылы туған, Украина, Одесса облысы Измаил қ.) – биология ғылым докторы (2004). ҚазМУ-ды (1969, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Ботаника ғыл.-зерт. ин-тында аға лаборант, кіші, аға ғыл. қызметкер (1969–1978), Жаңасібір қ-ндағы КСРО Медбиоөнеркәсібінің бүкілодақтық ғыл.-зерт. ин-тында аға ғыл. қызметкер, лаборатория, бөлім меңгерушісі (1978–1986), ҚР ҰҒА-ның Молек. биология және биохимия ин-тында лаборатория меңгерушісі (1986–1992). 1998 жылдан Жаңасібір қ-ндағы Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің Биохимия ин-тында лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарады. «Вакциналық және диагностикалық препараттар құрастыруда молекулярлық биология мен генетикалық инженерия әдістерін қолдану» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның негізгі ғыл.-зерттеулері молекулярлық биологияны медицинамен ұштастыру мәселесіне арналған. Беклемишев150 ғыл. жарияланымның, 11 авторлық куәлік пен патенттің авторы. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер</span>
Санат:1946 жылы туғандар