Көксарай — Түркістан облысы Отырар ауданындағы ауыл, Көксарай ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шәуілдір ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 23 км жерде.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен40903896 3763 96,6 1986 1975 99,4 1910 1788 93,6

Тарихы Іргесі 1940 жылы Шәуілдір қаракөл шаруашылығының орталығы ретінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары ұйымдасқан.

Инфрақұрылымы Ауылда жалпы орта мектеп, клуб, аурухана, орталық кітапхана т.б. мекемелер бар.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том

Дереккөздер

Санат:Отырар ауданы елді мекендері