Николай Иванович Кульков (1923, Ульянов облысы – 1974, Шымкент) – соғыс және еңбек ардагері. «Даңқ» орденінің толық иегері. Өмірбаяны 1936 жылы отбасы Шымкент қаласына көшіп келген. 1942 жылы авиация мектебін бітіріп, әскери-теңіз авиациясы училищесіне оқуға түседі. 1942 жылы қараша айында өз еркімен майданға аттанып, 23-гвардиялық атқыштар дивизиясының 84-гвардиялық атқыштар полкінің барлаушысы болды. Сталинград түбінде алғашқы ұрысқа кіріп, соғысты Неман жағалауында аяқтады. Елге ІІ топтағы мүгедек болып оралып, 17 жылдай Шымкент мақта-мата комбинатында бас бухгалтердің орынбасары болып істеді. Дереккөздер Белан П.С., Доблесть солдатская, А., 1974. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том Сілтемелер
Санат:Даңқ орденінің толық иегерлері Санат:Шымкентте жерленгендер