Сәнтай Сүлейменұлы Жетісов – техника ғылымдарының докторы (1991), професор (1992), ҚР Жаратылыстану ғылымдыры академиясының академигі (1995). Қысқаша өмірбаяны
Еңбек жолын «Жетіқара алтын» тресінің Жыланды кен орнында жұмысшы болып бастады. 1960 ж. Қарағанды политехнологиялық институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік технология университеті) бітіріп, өндірісте тау-кен инженер болды. 1962–65 Днепропетровск тау-кен институтының аспирантурасында оқыды. 1965 Қарағанды политех. институтында ассистент; 1966–91 доцент; 1991 жылдан професор болды; 1996 ж. ҚР Жаратылыстану ғылыми академиясы Қарағанды бөлімшесінің төрағалығына сайланды. Сәнтай Сүлейменұлы Жетісовтың 126-дан астам ғылыми жарияланымы, оның ішінде 4 монографиясы бар.Қазақ энциклопедиясы Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:1939 жылы туғандар