Ойыл ауылдық округі — Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы әкімшілік бірлік. Тарихы Ойыл ауылдық округі 1959 жылға дейін Миялы ауылдық кеңесінің құрамында болған (қазіргі Жангелдин ауылдық округі). 1959 жылы Ойыл ауылдық кеңесі дербес әкімшілік бірлік ретінде құрылды. 1991 жылдан бастап Ойыл ауылдық округі мәртебесіне ие болды.

Географиялық орны Ойыл ауылдық округі Қызылқоға ауданы аумағында, аудан орталығы Миялы ауылының солтүстік бөлігінде орналасқан. Округ аумағы Көздіғара ауылдық округі және Жанкелдин ауылдық округімен, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы мен Ақтөбе облысының аумақтарымен шектеседі.

Округтің жалпы аумағы 103 718 гектарды құрайды. Халық саны – 2346 адам. Округте 432 отбасы тұрады.

Әкімшілік құрамы Құрамына Жасқайрат, Аққора ауылдары кіреді. Әкімшілік орталығы – Жасқайрат ауылы"Қазақ энциклопедиясы", X том. Округ құрамында болған Балабейіт ауылы 2013 жылы таратылды.Атырау облысы Қызылқоға ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Халқы 2026 жылғы көрсеткіш бойынша 2346 адамды (1251 ер адам және 1099 әйел адам) құрады. +Елді мекенХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009)Халқы,адам (2021)Халқы,адам (2026) Жасқайрат 1722 1937 2026 2137 2245 Аққора 57 275 119 112 101 Балабейіт (Қазбек) 323 287 153 - - Дәулетиман 277 - 44 14 - Ойтан 159 - - - -

Әлеуметтік инфрақұрылымы Жасқайрат ауылы аумағында тұрғындарға білім беру, мектепке дейінгі тәрбие беру, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету салаларында қызмет көрсететін әлеуметтік маңызы бар нысандар орналасқан. Ауылдағы негізгі әлеуметтік нысандар: Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектеп — Т. Қайырбаев көшесі, №2; «Өрімтал» бөбекжай-бақшасы — Т. Қайырбаев көшесі, №6; «Шалқыма» мәдениет үйі — Т. Қайырбаев көшесі, №1; Жасқайрат дәрігерлік амбулаториясы — Х. Досмұхамедов көшесі, №14а; Жасқайрат спорт кешені — С. Қалекенов көшесі, №14а; Ветеринариялық пункт — Х. Досмұхамедов көшесі, №13; Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты — Х. Досмұхамедов көшесі, №14.

Дереккөздер

Санат:Қызылқоға ауданы ауылдық округтері