Ержан Бекбауұлы Исақұлов (15.6.1953 жылы туған, Түркістан облысы, Төле би ауданы, Кеңесарық ауылы) – генерал-майор.

Дулат тайпасының Жаныс руынан. Қазақ политехникалық институтын бітірген (1974). Еңбек жолын Бестөбе «Каззолото» комбинатының байыту фабрикасында мастер болып бастаған. 1979 – 84 жылдары облыстық ҰҚК басқармасының №2 бөлімшесінің өкілі, аға өкілі, бөлімше бастығы болды. 1989 – 2000 жылдары Атырау облыстық, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстық ҰҚК басқармаларында басшылық қызметтер атқарды. 2001 жылдан ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы 2007 жылдың қыркүйек айынан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Марапаттары II дәрежелі «Даңқ» орденімен (2005), 16 медальмен марапатталған. ҚР ¥ҚК Құрметті қызметкері (2000).

Шендері Әскери атағы - запастағы генерал-майор.

Марапаттары Үйленген. Жұбайы - Исақұлова Гүлшәкира Мырзақызы. 2 ұлы және қызы бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:15 маусымда туғандар Санат:1953 жылы туғандар Санат:Төле би ауданында туғандар Санат:Қазақстан генерал-майорлары Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Қазақстан ҰҚК қызметкерлері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің IV шақырылымының депутаттары Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:II дәрежелі Даңқ орденінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің құрметті қызметкерлері