Вадим Михайлович Глазырин(1924, Марий АКСР-і, Йошкар-Ола қаласы – 2005) – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1972ж.), профессор (1974). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
Қазақ ауыл шаруашылық институтын (1953жылы, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1953 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетінде аспирант, ассистент, доцент, оқу ісі жөніндегі проректор, кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін атқарады.
1970 ж. «Лесохозяйственные основы хозяйства в осинниках Казахстана» деген тақырыптағы докторлық диссертациясын қорғады. 70-тен астам ғылыми мақала мен 2 монографияның авторы.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1924 жылы туғандар Санат:Йошкар-Олада туғандар Санат:2005 жылы қайтыс болғандар Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессорлары