Алтынқожа Биқожаұлы (1886, қазіргі Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылы – 1943, Ресей, Ярославль облысы, Рыбинск ауданы) – діни қызметкер.

Өмірбаяны Қожа руынан шыққан. 19 жасында Өзбекстанның Үргеніш қаласындағы діни оқуға түскен. 14 жылдай оқып, ишан дәрежесін алған. Елге оралып Қармақшының Қызылтам елді мекенінде мешіт ашады. Кіші жүздегі Алтын-Жаппас руында ислам дінін уағыздайды. 1902 ж. Уфа қаласында өткен Алашордашылардың ІІ Думасына Қармақшы уезінен делегат болып қатысты. 1929 ж. Кеңес органдары дүние-мүлкін кәмпескелеп, Қармақшыдан туған ауылына көшіп келеді. 1937 ж. саяси қуғын-сүргін құрбаны болып, 10 жылға сотталып Ресейге жер аударылды."Қазақ Энциклопедиясы"Сыр елі. Қызылорда облысы энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2005,- 92 б

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер 4.11.2012, 19:24 Сығай

Санат:1886 жылы туғандар Санат:Сырдария ауданында (Қызылорда облысы) туғандар Санат:1943 жылы қайтыс болғандар Санат:Рыбинск ауданында қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ишандары Санат:Алаш Орда қайраткерлері Санат:КСРО-да репрессияланғандар