РеальгарҚазақша энциклопедия 7 том. (арабша rahjal-ghar — кеніш шаңы) — сульфидтер класының минералы. Химиялық формуласы AsS, As — 70,1%, S — 29,9%, изоморфты қоспалары кездеспейді. Сингониясы — моноклиндік, кристалдары — қысқа, ұзын призма, ине тәрізді, агрегаттары — тұтас түйірлі масса, кейде қабықшалар, топырақ тәрізді болбыр масса. Түсі — сарғылт қызыл, сызығы ашық сарғылт қызыл, жылтырлығы — майдайдан алмастайға дейін, қаттылығы —1,5—2, жіктілігі — жетілген, меншікті салмағы — 3,4—3,6. тығыздығы 3,56 — 3,59 г/см3. Алмас, шайыр, май типтес жылтыр, жымдастығы жетілген, электр тогын өткізбейді. Күн сәулесінің әсерінен ажырап аурипигментке (As2S3) айналады. Аурипигмент, антимонитпен бірге қорғасын, күміс, алтынның гидротермалдық кен орындарында, жанартау атындыларында, ыстық бұлақтың тұнбаларында кездеседі. Реальгар — күшәла өндірілетін басты кентас. Ірі кен орындары Қырғызстан (Хайдаркан), Грекия, АҚШ, Жапония, Ресей, Италия, Грузия, тағы басқа елдерде бар. Төмен температуралы кендерде кездеседі; улы, күшән мен оның қосылыстарын алу үшін қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

Дереккөздер

Санат:Геология