Инвестициялық саясат – инвестициялардың неғұрлым басым бағыттарын айқындайтын шаралар жүйесі; өндірісті, кәсіпкерлікті дамыту, пайда немесе басқа да түбегейлі нәтиже алу мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектінің (кәсіпорынның, фирманың, компанияның, т.б.), аймақтың, елдің ішінде де, сондай-ақ одан тысқары жерлерде де қаражат (инвестиция) салудың көлемін, құрылымы мен бағытын белгілейтін шаруашылық шешімдерінің жүйесі.

Инвестициялық бағдарламаларға сәйкес инвестициялық саясат мынадай жолдармен жүзеге асырылады: мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару; салық жеңілдіктерін беру; демеуқаражат, жәрдемқаражат, бюджеттік несие түрінде қаржылай көмек беру; тиісті несие саясатын, баға белгіленімін; амортизациялық саясат жүргізу; нормалар мен стандарттардың қолданылуына, сондай-ақ, міндетті түрде сертификаттау ережесінің орындалуына бақылау жасау.

Қолайлы инвестициялық ахуал жасаудың арқасында: жаңа технологияларды, озық техника мен ноу-хауды енгізу; ішкі рынокты жоғары сапалы тауарлармен және қызмет көрсетулермен молықтыру; отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; Қазақстан Республикасының шикізат базасын ұтымды әрі кешенді пайдалану; менеджмент пен маркетингтің қазіргі әдістерін енгізу; жаңа жұмыс орындарын ашу; жергілікті кадрларды оқыту жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру; өндірістің қарқынды дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғи ортаны жақсарту міндеттері шешіледі.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Сілтемелер

Санат:Экономика