Григорий Абрамович Уманов (27.5.1931 жыл, Мәскеу қ.) – педагогика ғылымдарының докторы (1970), профессор (1971), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері (1987), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері. КСРО Денсаулық сақтау ісі мен Қазақ КСР-і Білім беру ісінің үздігі.
Өмірбаяны ҚазМУ-дың тарих факультетін (1954, қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң Алматы қаласындағы медицина училищесінде оқытушы (1954–59) Қазақ КСР-і ІІМ еңбек колониясы арнаулы мектебінің директоры (1959–65) ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) аға оқытушы, доцент, профессор (1965–75), кафедра меңгерушісі (1975–97); 1997 жылдан осы университетте профессор қызметін атқарды.
Еңбектері «История создания и тенденции развития профессионально-технического образования в Казахстане» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Умановтың ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – жоғары оқу орындары мен мектептерде тәрбие процесінің теориясы және әдістемесі, жасөспірімдердің еңбек тәрбиесі, кәсіптік бағыт беру мен қоғамдық белсенділікті қалыптастыру мәселелері. 120-дан астам ғылыми жарияланымның авторы.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Сілтемелер ҚазҰПУ
Дереккөздер
Санат:27 мамырда туғандар Санат:1931 жылы туғандар Санат:Мәскеуде туғандар Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Педагогика ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері Санат:КСРО денсаулық сақтау ісінің үздіктері Санат:Қазақ ұлттық педагогикалық универститетінің профессорлары