Ысқақов Айып Рәшитұлы (21.2.1959 ж.т., Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бұлақ а.) – биология ғылымының докторы (1999). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1981, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті ) және КСРО ҒА Жалпы генетика институтының аспирантурасын (1987) бітірген. Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі (1985), КСРО ҒА Жалпы генетика институтында стажер (1983–87),Қазақ ауыл шаруашылық академиясында ғылыми хатшы (1994–95), Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер (1995–97), Қазақ ұлттық аграрлық университетінде кафедра меңгерушісі, проректор (1997–2003) болды. 2003 жылдан Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті нде проректор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. 70-тен астам ғылыми жарияланымның авторы. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы Сілтемелер Қазақ ұлттық аграрлық университеті Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Айып Рәшитұлы Ысқақов · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.