Болат Ысмайылов (16.5.1938 ж.т., Түркістан облысы Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1983), профессор (1993).

Өмірбаяны Алматы мемлекетік медицина институтын (1961], қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. КСРО Медицина ҒА Онкология институтының (Ленинград қаласы) аспирантурасын (1964) бітірген. Осы институтта ісік радиобиологиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері (1964–87), зертхана меңгерушісі (1987)Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 1987 ж. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ісік генетикасы мен оның медицина-биологиялық түрлері зертханасының меңгерушісі болды. 1993 – 1998 жж. «Бойтұмар» ғылыми-өндірістік АҚ-ның президенті.

Қоғамдық қызметі ҚР Президентінің аппараты жанындағы Ғылым және техника жөніндегі жоғарғы кеңестің мүшесі (1994–95) «Радиация. Экология. Здоровье» мәселелік комитеті сарапшылық кеңесінің төрағасы «Невада-Семей» қозғалысының төрағасы.

Ғылыми жұмыстары 6 ғылым кандидатын даярлаған. 150-ден астам еңбектері жарық көрген."Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:16 мамырда туғандар Санат:1938 жылы туғандар Санат:Тұрар Рысқұловта туғандар Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Қазақстан онкологтары Санат:Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының профессорлары