Кәкей Жаңжұңұлы (1947, Моңғолия, Баян-Өлгeй аймағы, Бұлғын ауданы — 1993, Завхан) — Моңғолия қазақтары арасынан шыққан ақын.

1971 жылы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. 1982–1993 жылы Моңғолиядағы қазақ әдебиетінің бөлімшесін басқарды, әдеби «Шұғыла» журналының бас редакторы болды.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Моңғолиядағы қазақ орта мектептеріне арнап әдебиет оқулығын дайындады, айтыс өнерінің қанат жаюына, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинауға үлес қосты. Моңғолия Жазушылар одағы сыйлы лауреаты (1986).

Шығармалары “Жауқазын” (1972); “Маусым” (1981); “Жебе” (1986); “Қош бол, көктем!” (1991); "Мен Қазақпын". Алтай қазақтарының арасынан шыққан ағартушы ақын Ахыт Үлімжіұлы шығармалар жинағын құрастырды (1991, 1994, Қ. Қалиасқарұлымен бірге).

Дереккөздер

Санат:Қазақ ақындары Санат:1947 жылы туғандар Санат:Моңғолия қазақтары