Тінәлі Тайсойғанұлы, Балуан Тәни (1789 – ө. ж. б.) – Бөкей Ордасындағы Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліске белсене қатысқан старшын. Ұста-зергерлердің басын қосып, қару-жарақ соғатын орт. ашқан. Ол көтерілісшілердің Тақсалғандағы, Райымдағы, Теректідегі, Қандыағаштағы, Тастөбедегі шайқастарына қатысты. Тінәлі көтерілісшілердің Орынбор губернаторына, Орал казак әскері атаманына, Жәңгір ханға жазған хаттарына қол қойған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том Сілтемелер

Санат:1789 жылы туғандар Санат:Қайтыс болған жылы белгісіздер Санат:Ұлт-азаттық қозғалыстардың көсемдері