Бисенов Алдаберген (26.11.1926-23.06.2002) – Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытушылардың бірі, еңбек ардагері, Социалистік еңбек ері (1971). 1926 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы , Аққұм ауылында туған және сонда қайтыс болған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Жетіру тайпасы Керейіт руынан шыққан.Алдаберген руының шежіресі [Текст] / А. А. Ахметбекұлы. - Қарағанды : Болашақ-Баспа, 2002. - 84 с. - ISBN 9965-528-57-8 Еңбек жолы 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, көрсеткен жауынгерлік ерліктері үшін І-ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен марапатталған. 1951–1952 жылдары Тереңөзек ауданының байланыс жүйесінде істейді. 1955 жылы Қызылорда ауыл шаруашылығы техникумын бітіреді. 1955–1960 жылдары Жалағаш ауданының «Мәдениет» атындағы МТС-та бөлімше механигі және «Еңбек» ұжымшарының бас инженері қызметтерін атқарды. 1962 –1972 жылы Жаңаталап кеңшарының директоры болып істейді. 1964 жылы жұмыстан қол үзбестен Алматыдағы кеңшар директорларын даярлайтын бір жылдық курсын, ал 1970 жылы Қазақ ауылшаруашылығы институтын оқып бітіреді. 1972 – 1988 жылдары «Қазақстанның 50 жылдығы» шаруашылығын басқарды. Осы жылдар ішінде ауыл еңбеккерлерінің тұрмысын биік деңгейге көтеріп, егіншілік ахуалды жақсарту жолында нәтижелі еңбек еткен.

Жетістіктері КСРО жетістіктері көрмесінің алтын және күміс медальдарының иегері. Есімі Қазақстанның Алтын кітабына жазылған. Аққұм ауылындағы орта мектепке Алдаберген Бисеновтың есімі берілген (2003 ж.).Есімі Жалағаш кентіндегі (2006 ж.), Н.Ілиясов ауылындағы (2006 ж.), Тереңөзек кентіндегі (2016 ж.) көшелерге берілген. Аққұм ауылында ескерткіші бар.

Марапаттары Ленин ордені (1971 ж.) Еңбек Қызыл Ту ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі (1971 ж.) Социалистік еңбек ері (8.4.1971 ж.) Октябрь революциясы ордені (1978 ж.)

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері