Қайназар — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Рахат ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан батысқа қарай 12 км жерде, Қайназар өзенінің жағалауында, Азат тауының жонды-белесті келген солтүстік-шығыс баурайында, сұлыбас, боз, селеу, шалғын аралас, қызыл қоңыр, қара топырақты қоңыржай ылғалды агроклиматтық белдемде орналасқан.

+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен32034058 9287 228,9 2018 4700 232,9 2040 4587 224,9

Тарихы 1964-1997 жылы аралығында сүт өндіретін Ильич атындағы ұжымшардың орталығы болған. Оның негізінде “Қайназар” ӨК және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Орта мектеп, клуб, көркемөнерпаздар ұжымы, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар.

Дереккөздер

Санат:Еңбекшіқазақ ауданы елді мекендері