Шал тауы – Қырғыз Алатауының батысындағы тау.
Географиялық орны Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы және Қырғызстан шекарасында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 3788 м.
Геологиялық құрылымы Тау протерозой және палеозой шөгінділерінен (гранит, диорит, әктас, құмтас, тақтатас, тағы басқа) түзілген.
Жер бедері 3700 метрден жоғары көп жылдық қар және мұздықтар кездеседі. Тау бөктерінен Шалсу өзені бастау алады.
Топырағы, өсімдігі 1100 — 1200 м биіктікке дейін сұр топырақты шөлейт, 2200 — 2500 м-де қызғылт қоңыр және қара топырақты таулық дала белдемі, одан жоғарыда шалғындық-шабындық орман қалыптасқан. Шалдың солтүстік беткейінде суармалы және тәлімі егіншілік дамыған.Қазақ энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім
Дереккөздер
Санат:Тұрар Рысқұлов ауданы таулары Санат:Қырғызстан таулары