Қызыл бұрыш (Capsіcum annuum) — алқа тұқымдасына жататын екі жылдық көкөніс өсімдігі. Қызыл бұрыш ауа райы 13С-тан төмен болмайтын аудандарда егіледі. Қазақстанда оның ащы және тәтті түрлері көшеттен өсіріледі. Тармақ сабақты, негізгі сабағының биіктігі 30 — 130 см. Гүлі ірі, ақ, ақшыл, сары түсті. Жемісі көп тұқымды (салмағы 0,25 — 190 г).. Өсімдік шілде – тамыз айларында гүлдейді,ал жемісі тамыз айларында піседі. Құрамы Құрамында С витамині, А витамині, каротин (көгінде 1,62 — 2,35%, піскен жемісінде 13,9 мг %), қант (2,0 — 8,4%), белок (1,5%) бар. Бұрыштың ащылығы жеміс құрамындағы капсаицин алкалоидына (1,9%) байланысты. Қызыл бұрыш тағам ретінде (жас және өңделген күйінде), сондай-ақ, медицинада пайдаланылады. Аудандастырылған сорттары Болгар-79, Қарлығаш, т.б. Негізгі зиянкестері: қоңыр көбелек, шыртылдақ дернәсілі, т.б.; жиі кездесетін аурулары: солу, шіріме.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том Дәрілік шикізат ретінде оның жемісі жиналады

Мал дәрігерлігінде қолданылуы Мал дәрігерлігі практикасында қызыл бұрыштың спирттік тұнбасы іші өткен бұзауларға, құлындарға, қозыларға, торайларға ішкізіледі. Қызыл бұрыштың 25 грамм жемісі қырық градустық 200 мл спиртте 10 тәулік ашытылады. Ауру бұзауға 5 – 10 грамнан күніне 3 рет ішкізіледі.

Дереккөздер

http://www.bonduelle.kz/burysh http://www.quickiwiki.com/kk/Қызыл_бұрыш