Сергей Григорьевич Плохов (1927 жыл, Софиевка ауылы, Пономарев ауданы, Орынбор облысы) — техника ғылымының докторы (1987), профессор (1992). 1950 Ресей көлік академиясының акад. Сібір автомобиль жолдары институтын бітірген 1950-1957 Көлік басқармасында бөлім бастығы, автобазада бас инженер, Кемеров автобазасының директоры 1958-1972 Қазақ автомобиль көлігі ғылыми-зерттеу және жобалау институтында ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары 1973 жылдан Бүкілодақтық инженерлік-құрылыс институтының Алматы бөлімшесінде доцент, Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясында жетекші, бас ғылыми қызметкер жұмыстарын атқарды. Ғылыми еңбектер 1986 ж. «Научные основы интенсификации транспортного процесса в уборочно-заготовительных комплексах агропрома» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 150-ден астам ғылыми жарияланымның авторы."Қазақ энциклопедиясы".
Дереккөздер</span>